Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес аталған шешім өнімнің өндірісі мен сатылымының барлық кезеңі бақылауда болғанын растайтын құжаттар мен санитариялық-эпидемиологиялық сараптама нәтижелері негізінде қабылданды.
— Шектеулер Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 38-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес алынып тасталды, — делінген комитет хабарламасында.
Өнімдер тізбесіне мыналар енгізілді:
- «Апамның шәйі Premium gold»;
- «Орда Кения»;
- «Аль-Кайрат шәйі Premium gold».
Осыдан бұрын Қазақстанда ең қымбат және арзан шай қай өңірде екенін саралап көрген едік.