«ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті мен ҚР СИМ ТРМК Қазақстан стандарттау және метрология институты әзірлеген осы өзгерістер жолдардағы қауіпсіздікті арттыруға және жол қозғалысының барлық қатысушыларына қолайлылықты қамтамасыз етуге бағытталған», — делінген хабарламада.
Аталмыш өзгерістің негізгі жаңалығы:
1. Міндетті айырым белгісі: гибридті қоспағанда, барлық электромобильдер қолдануға тиіс «Электромобиль» белгісі.
2. Жаңа жол белгілерін енгізу:
— Жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және мүмкін болатын авариялық жағдайлардың алдын алу үшін тротуарларға орнату жоспарланған «Электр самокаттарда жүруге тыйым салынады»;
— «Диагональды жаяу жүргіншілер өткелі»;
— «Қарама-қарсы жүріс бөлігіне қайта ауысу»;
— «Қарама-қарсы жүріс бөлігінің соңы».
Мүгедектігі бар және тірек-қимыл аппараты бұзылған адамдар үшін, сондай-ақ осындай адамдарды тасымалдайтындар үшін жол инфрақұрылымының қолжетімділігі көзделгенін ерекше атап өткім келеді.
Осы белгілердің кейбірі Алматы және Астана қалаларында тестілік режимде енгізілген және өз тиімділігін көрсетті.