Қазақстанда бұқа экспортына уақытша тыйым салынды

Фото: Фото: Мақсат Шағырбаев/ Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM — Кешеден бастап ел аумағынан бұқаны сыртқа сатуға тыйым жарияланды. 

2025 жылғы 14 мамырда Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Қаржы министрлігінің бірлескен бұйрығы қол қойылып, ауыл шаруашылығы жануарларын экспорттауға қатысты 2025 жылғы 7 сәуірдегі бірлескен бұйрыққа толықтырулар енгізілді.

Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының аумағынан ірі қара малдың бұқасын экспорттауға үш ай мерзімге тыйым салынды.

Жаңа бұйрық 2025 жылғы 15 мамырда күшіне енді. 

Сәуірдің басында Қазақстаннан ірі қара мен ұсақ малды экспорттауға уақытша тыйым салынған еді.

Айта кетейік, уақытша тыйым жаппай экспортқа жол бермеу және ауылшаруашылық жануарларының санының тұрақты өсуін қамтамасыз ету мақсатында енгізілген.