Айта кетейік, жақында елімізде «Қазақстан спортын трансформациялау» жобалық кеңсесі құрылды.
Жобалық кеңсені басқаруға Қамбар Омаров тағайындалды.
«Трансформация бойынша жобалық кеңсе спорттағы түрленудің толық циклін жүргізеді, яғни мемлекеттік деңгейде басқару жүйесінен ауылдық округтерге дейін. Сонымен қатар кеңсе Ұлттық Олимпиадалық комитетімен, Ұлттық Паралимпиада комитетімен, федерациялармен өзара іс-қимылда болады, сондай-ақ жаппай балалар спорты мен жоғары жетістік спортын дамыту саласында ел үшін стратегиялық мақсаттарды әзірлейді», - деді Қамбар Омаров Орталық коммуникациялар қызметінде.
Оның айтуынша, жобалық кеңсе өз жұмысын саладағы тыңғылықты SWOT- талдаудан бастайды және стратегиялық бағыттардың негізгі тізімін құрады. Мұнымен қоса, жобалар топтамасы құрылып, басқару жүйесін жетілдірумен айналысыда, сондай-ақ Мәдениет және спорт министрлігімен бірлесе бұқаралық спортты дамытудың жаңа стратегиясын даярлауға қатысады.
Трансформация бойынша топтың бастапқы талдаудың негізінде команда жеті стратегиялық бағытты белгілегеніне тоқталған Қ. Омаров, енді осы бағыттар бойынша жұмыс істеу керек екенін атап өтті.
«Біріншіден, балалар спортын дамыту ескерілген. Екіншісі – басқару жүйесінің трансформациясы, үшіншісі – кадрлық саясатты жетілдіру, төртіншісі – заңнамалық әрі реттеу бастамалары, бесіншісі – медициналық-биологиялық және фармацевтикалық қамтамасыз ету, алтыншысы – спорт инфрақұрылымын дамыту, жетіншісі – халықаралық ынтымақтастық. Стратегиялық бағыттардың әрқайсысы бойынша топтар Жол картасын әзірлейді», - деді ол.