Қазақстанда бүйрек транплантациясы Ресеймен салыстырғанда 24 мың долларға арзан

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2011-2014 жылдары Астанадағы Ұлттық медициналық холдинг клиникалары мен ұлттық ғылыми медициналық орталықта әлемнің 30-дан астам елінен 4799 азаматы емделді. Нәтижесінде, Астана Орталық Азиядағы медициналық туризмнің жетекші орталығының біріне айналды, деп жазады «Астана ақшамы» газеті.

Елордалық басылымның хабарлауынша, ҰМХ-ға еншілес ұйымдардың жоғары мамандандырылған меди¬циналық көмегіне көбінесе Ресей, АҚШ, Жапония, Италия, Ұлыбритания, Түркия, Болгария, Шри-Ланка, Филиппин, Қырғызстан және одан өзге елдердің азаматтары жүгінген.

Себебі, өзге елдерге қарағанда, Қазақстанда жасалатын оталардың құны әлдеқайда төмен.

Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі баспа¬сөз қызметінің мәліметінше, сүйек¬тің кемік майын транспланттау Қазақстанда - 51 мың, ал Ресейде - 90 мың доллар. Бауыр транс¬план-тациясының бағасы елімізде - 20 мың болса, Түркияда - 108 мың доллар. Бүйрек транплантациясы да Ресеймен салыстырғанда, 24 мың долларға арзан, яғни - 16 мың долларды құрайды.

Атап айтқанда, омыртқа дискі жарығын микрохирургиялық жолмен алып тастау, экстракорпоральді ұрықтандыру, жүректегі қан жолы тетігіне кардиохирургиялық ота жасау, жатыр артериясын эмболи¬зациялау сияқты қызметтерге сұ¬раныс жоғары. Ал, Ұлттық ғылыми медициналық орталыққа шетел¬діктер жасуша технология¬ларын пайдалана отырып, ішкі органдар жетіспеушілігін морфо-функционалды түзету мақсатында келеді екен.