Оның сөзіне қарағанда, бұндай көрсеткіш әлеуметтік маңызды тауарларға баға бойынша жыл бойы Үкіметпен және жергілікті атқару органдарымен уақытылы қабылданған тежеуіш шаралардың арқасында мүмкін болды. Сонымен қатар Үкімет реттелетін тұрғын үй коммуналдық қызметтерге тариф өсімін ұстап тұру тұрғысында жұмыстар жүргізді.
Сонымен қатар агенттік басшысы кейбір тауарларға бағаның жоғары өсімі байқалса, кейбіреулеріне орташа болғанын, сондай-ақ бірқатар тауарлардың бағасы төмендегенін атап өтті.
Бұдан бұрын хабарланғандай, 2013 жылдың алдын ала қорытындысы бойынша еліміздегі жалпы ішкі өнімнің өсімі 6 пайызды құрады.