АСТАНА. 8 қаңтар. ҚазАқпарат - 2013 жылғы желтоқсанда тұрғын үй нарығындағы бағаның өсуі байқалды. Бұл туралы ҚР Статистика агенттігінен хабарланды.
Атап айтқанда, былтырғы желтоқсанда өткен аймен салыстырғанда абаттандырылған тұрғын үйлерді алып сату бағалары 0,6 пайызға, сондай-ақ жаңа тұрғын үйлерді сату, абаттандырылмаған тұрғын үйлерді алып сату, абаттандырылған тұрғын үйлерді жалға беру 0,4 пайыздан өсті.
Руслан Ғаббасов
Ақмола облысының Біржан сал ауданында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 2005 жылдан бері «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істеп келеді.