«Секвестрлеу күтілмейді. Яғни, қазіргі таңда бюджет секвестрі қарастырылып отырған жоқ. Бұл үшін біріншіден, бірінші жартыжылдық қорытындыларын қарастыруымыз керек. Алдағы күндері Үкіметте осы бірінші жартыжылдық қорытындылары талқыланатын болады. Жалпы қайталап айтамын бюджет секвестрі туралы мәселе еш қарастырылған емес», - деп атап өтті вице-министр М. Құсайынов.
14:04, 04 Тамыз 2014
Қазақстанда бюджет секвестрі күтілмейді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда бюджет секвестрі күтілмейді. Бүгін Орталық телекоммуникациялар қызметінде өткен брифингте тілшілер сұрағына жауап берген Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі Марат Құсайынов осылай мәлім етті.