деп хабарлайды ҚазАқпарат.
ДҚТЕО - тауар айырбасы арқылы тауар алмасу мүмкіндіктерінің түрлерін қарастыратын компьютерлік жүйе. Жүйе жобалаушыларының айтуынша, бұл сату-сатып алу келісімдерінің балама түрі және қазіргі дағдарыс жағдайында бірден-бір тиімді әдіс.
ДҚТЕО-ға кіргеннен кейін жүйе қызметкерлері кәсіпкерге сату-сатып алу бойынша клиенттерді тауып беру мәселелерімен айналыса бастайды. Бұл жүйе бүгінде Ресей мен Украина елдерінде тиімді жұмыс жасауда. Көрсетілген қызмет түрінің ақысы келісім-шартқа отыру амалдары аяқталғаннан кейін жүзеге асырылады.
ДҚТЕО-ның тұсаукесерін бір айдан кейін жасау жоспарлануда. Орталық ашылғаннан кейін Қазақстанның әр аймағында оның өкілдіктері жұмыс істейтін болады.