Сондай-ақ, жабылу рәсіміне Қазақстан Республикасында аккредиттелген әскери-дипломатиялық корпус өкілдері мен дипломатиялық миссия басшылары қатысты.
Оқу-жаттығу аясында Ұлыбритания, Үндістан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркия, Өзбекстан және Америка Құрама Штаттарынан келген әскери қызметшілер бітімгерлік операция элементтерін бірлесіп жасады.
Атап айтқанда, блок-бекеттерде қызметтер атқару, гуманитарлық жүктерді қарауылдап алып жүру, жергілікті тұрғындармен келіссөздер жүргізу, төңіректі патрульдеу, миналанған даланы, жолды залалсыздандыру, тазарту және сумен қамтамасыз ету, сондай-ақ алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша тапсырмалар орындалды.
Оқу-жаттығу 2003 жылдан бері әскери қызметшілердің бірлескен теориялық және практикалық тапсырмаларды орындау барысында алған бітімгерлік дағдыларын жетілдіру мақсатында өткізіледі.