Оның айтуынша, былтыр осы кезеңде дәрі-дәрмекке қатысты 13 мың шағым тіркелсе, биыл бұл көрсеткіш 11 мыңға дейін төмендеген.
Вице-министр қазіргі уақытта дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жүйесінің ашықтығы мен қолжетімділігін арттыру бағытында жұмыстар жалғасып жатқанын айтты.
– Биылғы ақпан айынан бастап Байланыс орталығы тәулік бойы жұмыс істеу режиміне көшті. Бұл тұрғындардың өтініштері мен сауалдарына жедел жауап беруге мүмкіндік берді, – деді Тимур Мұратов.
Сонымен қатар, азаматтарға дәрі-дәрмектің бар-жоғы туралы жедел ақпарат беру үшін Telegram мессенджерінде чат-бот іске қосылған. Вице-министрдің мәліметінше, сервис жұмыс істей бастағалы бері 200-ге жуық өтініш жедел қаралған.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда тегін дәрі-дәрмекпен қамтылатындар саны 3,4 млн адамға жеткені хабарланған еді.