Қазақстанда дәрі-дәрмек өндірісі 14,5 пайызға азайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Негізгі фармацевтикалық өнімдер өндірісі 14,5%-ға төмендеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Негізгі фармацевтикалық өнімдер мен фармацевтикалық препараттар өндіру көлемі 2022 жылғы қаңтар-қараша аралығында 145,8 млрд теңгені құрады.

Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 14,5%-ға аз.

Қазақстанның өнеркәсіп өнімінің республикалық көлеміндегі фармацевтика өндірісінің үлес салмағы - небәрі 0,3%.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда фармацевтика өнімдерін өндірумен 12 кәсіпорын айналысады.