Қазақстанда дәрi-дәрмектердiң ұлттық формуляры жасалады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда дәрi-дәрмек бағаларының ұлттық формуляры жасалады. Бұл туралы бүгiн Орталық коммуникациялар қызметiнде өткен брифингте ҚР Денсаулық сақтау вице-министрi Ерiк Байжүнiсов мәлiм еттi.

"Жекеменшiк бөлшек саудамен айналысатын дәрiханалардағы бағаны тұрақты деңгейде ұстап тұру өте қиын. Бiзге ол жердегi бағаларды да қадағалап отыру керек. Бұл - халықаралық нормалардың ең басты талабы. Сондықтан бiз Кодекске тиiстi өзгертулер енгiзу жұмыстарын жалғастырудамыз. Менiң ойымша, сәуiрде бұл өзгерiстер қабылданады. Ең бастысы - Қазақстанда дәрi-дәрмектердiң ұлттық формуляры жасалады", - деп атап өттi ол.

Вице-министрдiң айтуынша, онда нақты дәрiнiң атауы мен белгiленген бағасы болады. Қазақстанның қай аймағында болмасын, ешбiр дәрiхана ол бағадан асыра алмайды. Егер құнын асырса, лицензиядан айырылмақ.

"Қазiргi уақытта Қазақстанда 7 мыңнан астам дәрi-дәрмек атауы және 11 мыңнан астам фармацевтика нысаны бар. Олардың барлығын жоспарлы тексерiстермен қамту мүмкiн емес. Дәрiгердiң рецептiнсiз дәрi беру мәселесi оңтайлы шешу мәселесi алдымызда тұр. Себебi дәрiханалар мамандар рецептiсiнiң негiзiнде берiлетiн дәрмектердi ешбiр қағазсыз еркiн сатып жатыр. Болашақта Қазақстан PICS халықаралық мамандар ұйымына енедi. Осының негiзiнде елiмiзде фарминспекторлар қызметi пайда болады. Олар дәрiханалардағы дәрiлердiң сапасын қадағалап отырмақ", - дедi ол.