Қазақстанда дәрі-дәрмектің сатылымы онлайн режимде бақыланбақ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанға импортталатын медициналық препараттардың сыртына арнайы штриx-код басылып, әрбір дәрінің қашан және қай жерде сатылғаны қадағаланатын болады, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұлттық сараптама орталығы директорының орынбасары Болат Жантуриевтің айтуынша, электронды жүйе арқылы Қазақстанға сырттан келетін әрбір препаратты бақылауға болады. Сөйтіп, ем-домның қай дәріxанада сатылғанын, сондай-ақ, қай медициналық мекемеде берілгенін көруге болады. Бақылау жүйесін 2023 жылға қарай енгізу жоспарланған. Оған дейін денсаулық саласын цифрландыру шаралары аяқталуы қажет.

«Цифровизация іске асқанда әрбір дәрі-дәрмектің қаптамасында арнайы код болады. Сол арқылы біз препараттың қайда жіберілгенін, қай дәріxанада берілгенін, қай медициналық мекмелер арқылы өткенін - бәрін көре аламыз. Осының арқасында өз жұмысын дұрыс атқармайтын тауар жеткізушілерді де анықтауға мүмкіндік бар», - деді Б.Жантуриев бақылау жүйесін талқылауға арналған кеңесте. 

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне сәйкес, дамушы мемлекеттерде контрафактілік дәрі-дәрмектердің үлесі 50 процентке дейін жетуі әбден мүмкін. Батыста аталған көрсеткіш 1-10 процентті құрайды. Ресейлік сарапшылардың ақпараты бойынша, Қазақстанда заңсыз медициналық препараттардың көлемі 20-30 процентке дейін жетеді.

фото:moldovenii.md