деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Медициналық орталықтар кешенін австриялық компанияға бергенімізде, олар Австриядан дәрігерлерді, медбикелерді алып келді. Біздің дәрігерлеріміздің біліктілік деңгейі осында келген австриялық медбикелердің деңгейінен төмен. Бұған ешқандай өкпе болмауы тиіс. Біздің дәрігерлер бұған кінәлі емес, олар басқа білім беру жүйесі бойынша оқыды», деді Елбасы.
Осы орайда Елбасы білім беру және денсаулық сақтау салаларындағы кадрларды дайындаудың деңгейін қажеттігін атап көрсетті. «Бұл жерде білім берудің мүлдем басқа деңгейіне өту жайында сөз болып отыр. Өйтпегенде, біз басқалардан қалып қоямыз. Бұны біздің жастар түсінулері тиіс», деді Елбасы.
Мемлекет басшысының айтуынша, Қазақстанда әртүрлі деңгейдегі кадрларды дайындау сапасын арттыруға барлық мүмкіндік бар.