Қазақстанда дарынды мемлекеттік қызметкерлерді басқару жүйесі құрылады

АСТАНА. 5 қыркүйек. ҚазАқпарат - Дарынды мемлекеттік қызметкерлерді басқару жүйесін құру - біздің алдымызда тұрған негізгі міндеттердің бірі. Бұл туралы бүгін мемлекеттік қызметті жетілдіру жөніндегі Сарапшылар кеңесінің кезекті отырысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Әлихан Бәйменов мәлім етті.

«Біз білеміз, бүгінде дамыған мемлекеттерде дарынды мемлекеттік қызметкерлерге деген ерекше көзқарас қалыптасқан. Олардың өзіндік еңбек карьерасы болады. Біз де осы салада тиісті жұмыстарды атқаруды көздейміз. Атап айтқанда, Қазақстанда дарынды мемлекеттік қызметкерлерді басқару жүйесін құрылады», - деп атап көрсетті Ә.Бәйменов. Агенттік төрағасы атап көрсеткендей, мемлекеттік қызметкерлердің еңбегін бағалаудың жаңа жүйесін енгізу де - алда тұрған маңызды міндеттердің бірі. Болашақта осы бағалау жүйесі қызметкердің еңбек жолын анықтайтын болады.