«Біз АҚШ және еуропалық елдер бойынша талдауды қарап шықтық, яғни бұл елдерде сот мәселелерінің 70 пайызына дейінгісі сотқа дейінгі тәртіпте шешіледі. Ал бізде орташа алғанда бұл көрсеткіш 2 пайызды құрап отыр»,-деді Е. Тоғжанов.
Осы ретте ол отырысқа қатысушыларды медиация бойынша қызметті жандандыруға шақырды. Себебі, бұл бағыттағы шаралар қомақты қаржыны үнемдеуге мүмкіндік береді, сондай-ақ дау-дамайдың айналасындағы тараптардың моральдық және психологиялық күйзелісін төмендетуге ықпал етеді.
«Егер де халықаралық тәжірибеде 70 пайызға дейін жетсе, онда Қазақстанда алдымен 20 пайыз деңгейіне жеткізу керек. Бұл оңай шаруа емес. Ел азаматтарының үштен бірі міндетті түрде қандай да бір сот процестеріне тап болады»,-деді Е. Тоғжанов.