— Елдің солтүстігінде, оңтүстігінде және батысында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады — жаңбыр жауып, найзағай күтіледі, — делінген хабарламада.
Синоптиктердің болжамынша, 30-31 мамыр күндері Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе және Қостанай облыстарында қатты жаңбыр жауып, бұршақ түсуі және екпінді жел күтіледі.
Республиканың қалған аумағында жауын-шашынсыз ауа райы басым болады. Ел бойынша желдің күшеюі болжанады, ал оңтүстік өңірлерде шаңды дауыл болуы мүмкін.
Айта кетейік, Қазгидромет 30 мамырда қолайсыз ауа райына байланысты бірқатар өңірде ескерту жасады.