«Алдағы демалыс күндері батыстан кезекті Атлантика циклоны ығысып, жауын-шашын әкеледі. Еліміздің батысында және солтүстігінде жел күшейіп, жаңбыр жауады. Республиканың басқа бөлігінде қысымның жоғары болуына байланысты жауын-шашын болмайды.
Ираннан жылжып келетін жылы ауа массаларымен Қазақстанның барлық аумағында ауа температурасы көтеріледі: батыста 15 23 градусқа дейін, солтүстікте, орталықта және шығыста 8 18 градусқа дейін, республиканың оңтүстігінде 17 25 градусқа дейін жылы болады», - делінген синоптиктер хабарламасында.