Қазақстанда демалыс күндері ауа райы 5 градусқа дейін жылынады

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК 26-28 қараша - демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамын ұсынады.

«Республиканың солтүстік жартысындағы ауа температурасының едәуір көтерілуі жылы атлантикалық ауа массаларының ықпал етуінен болып отыр. Демалыс күндері  тропосферадағы ауа батыс массасының ауысуы Қазақстанда әлі сақталады. Осы ретте республиканың барлық аумағында температураның жоғарылауы күтіледі.   

Республиканың батыс және оңтүстік облыстарында күндізгі температура кей жерлерде 2...5º жылы, қалған аумақта 0-ден  минус 7º дейін күтілуде», - деп жазылған хабарламада.