Сәуір айының соңында Қазақстанның көптеген облыстарында бұрынғыша күн бұлтты болып, кей жерлерде жаңбыр жауып, оның арты жаңбыр аралас қарға ұласуы мүмкін. Ауа температурасы қалыпты нормадан 2-5ºС-қа төмен болуы ықтимал. Мұндай ауа райы республика аумағынан суық арктикалық ауа массаларының өтуімен байланысты. Оның артынан Скандинавияның солтүстігінде қалыптасқан антициклон таралады. Тек батыс облыстарда ауа райы жауын-шашынсыз, ауа температурасы жоғары болады, деп атап өтті синоптиктер.
Мамыр айының басында Қазақстан аумағына келетін антициклонның арқасында жауын-шашын тоқтап, ауа температурасы бірінші батыста, кейін басқа өңірлерде жоғарылайтын болады.