Қазақстанда демалыс күндері күн қатты суытады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК-ны 2016 жылдың 24-26 желтоқсаны аралығына ауа-райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстанның көптеген облыстарына жауған қар циклоны Алтайға көшеді. Оның соңынан ауа температурасының климаттық нормадан 8-15º С-ға төмендеуіне ықпал ететін антициклон таралады.

Жексенбі күні республиканың батыс және солтүстік облыстарында Атлант мұхиты ауа массаларының қысымына орай аяз басылады.

Еліміздің басқа аумақтарында келесі аптаның басына қарай ауа температурасы жоғарылайды