Қазақстанда демалыс күндері жаңбыр жауып, күн суытады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Синоптиктер 27-29 маусым аралығына арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Демалыс күндері Қазақстан аумағының басым бөлігі белсенді циклон аймағында болады.

Солтүстік циклондар солтүстік, солтүстік-батыс пен орталық өңірлерге мол жауын-шашын мен айтарлықтай суық әкеледі: республиканың солтүстік жартысында түнде температура 2-10 градусқа дейін, күндіз 10-18 дейін төмендейді.

Атмосфералық фронттарға байланысты жел күшейіп, дауыл соғады және бұршақ жауады.