Қазақстанда денсаулық сақтаумен байланысты проблема көбіне азаматтардың денсаулыққа деген немқұрайлы көзқарастарынан туындайды - Е.Орынбаев

ТАНА. 24 тамыз. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - «Қазақстан халқының денсаулығымен байланысты мәселе көбіне азаматтардың өздерінің денсаулықтарына деген немқұрайлы көзқарастан туындап отыр», -дейді Премьер-Министрдің орынбасары Ербол Орынбаев.

Бұл пікірін ол бүгін өзі басқаратын Денсаулық сақтау жөніндегі үйлестіру кеңесінің XV мәжілісінде білдірді.

Үкімет басшысы орынбасарының пікірінше, азаматтардың аурулары әбден асқынған соң мәлім болып жататын себебі - денсаулыққа деген немқұрайлы көзқарастың нәтижесі. «Сондықтан да азаматтар өздерінің денсаулықтарының 50 пайызы олардың өмір сүру жағдайларына байланысты екендіктерін есте ұстаулары керек. Осы ретте айта кетейік, Бүкіләлемдік денсаулық сақтай ұйымының мәліметтеріне қарағанда, созылмалы сырқаттардың дамуына себеп болатын басты факторлардың тек 4-уін ғана жойып жіберуге болмайды екен. Ол адамның жынысы, жасы, ұлты мен ген арқылы берілу. Ал темекі шегу, алкогольді шектен тыс пайдалану мен семіздік сияқты дерттерден айығуға болады. Яғни адамның денсаулығы оның қалай өмір сүретіндігімен тікелей байланысты», - деді Е.Орынбаев.