Ведомство ақпаратына қарағанда, еліміздегі діни бірлестіктердің саны 1991 жылы 671 болса, 2014 жылдың маусымындағы деректерге сәйкес 3481-ге жеткен. Жалпы, республикада 18 түрлі конфессияның өкілдері өз жұмыстарын бейбіт жолмен жүргізу үстінде.
«Елде 15 діни оқу орны бар. Оның 2-еуі христиан, 13-і ислам діні бағытында. Бастапқы курстар мен діни мектептер саны - 400», - делінген хабарламада.