«Діни экстремизм мен лаңкестікке қарсы тұру бойынша жұмыстар жандандырылды. Парламент Мәжілісімен біз әзірлеген «Діни экстремизм мен лаңкестікке қарсы тұру мәселелері бойынша бірқатар заңнамалық актілерге өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы мақұлданды. 2014 жылдың 1-ші жартыжылдығында прокурорлардың арыздары бойынша соттар 15 интернет-ресурстың өнімдерін заңсыз деп таныды», - деді ол.
А.Дауылбаевтың атап өтуінше, прокурорлардың 175 ақпараттық материалдарды экстремистік мазмұнда деп тану туралы арыздарын соттар қанағаттандырған.
«Бұл өнімдерді Қазақстан аумағында таратуға шектеу қойылған», - деді Бас прокурор.