Қазақстанда дизель локомотивтерінің өндірісі 2 есе өсті

Фото: Гульмира Абдрахманова/Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM – Осы жылдың алғашқы төрт айында теміржол көлігі өндірісінің едуәір өсімі байқалды. Мәселен, 2024 жылдың қаңтар-сәуір айлары аралығында дизель локомотивтерінің өндірісі 20 бірлікті құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2 есе көп.

«Сонымен қатар, вагондар өндірісі өсті. Осы жылдың алғашқы төрт айында 50 бірлік теміржол, трамвай, өздігінен жүрмейтін, жолаушылар, багаж және басқа да арнайы мақсаттағы вагондар шығарылды, бұл өткен жылдың қаңтар-сәуір айларымен салыстырғанда 8,3 есе көп», — деп жазды Ұлттық статистика бюросынан.

Сондай-ақ, 2024 жылдың қаңтар-сәуір айларында 400 бірлік жүк вагоны өндірілді, ал өткен жылдың тиісті кезеңінде барлығы 9 бірлік вагон өндірілген.