Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәлімдеді.
«Емханаға тіркелерде Сіздің қайтыс болғаннан кейінгі донорлыққа келісіміңізсұралады. Егер бас тартсаңыз, жауабыңыз электронды құжатта көрсетіледі. Өткенаптада таныстырған электронды денсаулық паспортында бұл туралы арнайы бағанболады. Жыл соңына дейін бұл мәселе шешіледі», - деді Е. Біртанов министрлікалқасының кеңейтілген отырысы барысында журналистерге берген сұхбатында.
Оның айтуынша, донорлықтан бас тарту үшін адамдар емханаға арнайы келуітиіс.
«Адамдар емханаға арнайы келіп, донорлықтан бас тартуын тіркетуі тиіс. Ұзақуақытқа сақтап қою үшін қағаз құжат та міндетті түрде болады. Бірақ, марқұмныңтуыстары дау шығарады. Бұл жерде түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет депойлаймын. Әрине, біздің менталитет, дәстүр, психология үшін бұл оңай емес.Бірақ жұмыс істеу қажет», - деді министр.