«Қан қабылдау қызметі - ол ұжымдық мамандандырылған жұмыс. Осы орайда клиникаға келіп түсетін контейнердің айналасында ондаған және жүздеген адамның еңбегі бар. Бұл - күрделі өндірістік үдеріс. Атап айтқанда, бұл бағытта Қазақстанда ең алдыңғы қатарлы технологиялар падаланылуда және бұл тұрғыда кемшіліктер жоқ. Осындай тиімді жұмыстары үшін басшылыққа алғыс айтуға болады», - деді Е. Жибурт.
Оның сөзіне қарағанда, донорларды тартуда бұқаралық ақпарат құралдырының рөлі маңызды. «Қазақстанда бұл бағытта донорларды ақпараттандыру жүйесі айтарлықтай табысты қалыптасқан. Осы орайда халықаралық ұйымдардың тәжірибесі жақсы жүзеге асырылуда. БАҚ арқылы денсаулығы жақсы адамдар донорлыққа тарту бұдан ары қарай белсенді түрде іске асырылады деп ойлаймын», - деп түйді Е. Жибурт.