«Ағымдағы жылғы қаңтар-мамырда АХАТ органдарында 158,9 мың дүниеге келген сәби тіркелді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,1 пайызға артық. 1000 адамға шаққандағы туудың жалпы коэффициенті 22,8 туғанды құрайды», - деді ол.
Оның атап өтуінше, ағымдағы жылдың қаңтар-мамыр айларында өмірден озғандар саны 61,8 мың адамды құраған. Бұл 2011 жылдың қаңтар-мамырына қарағанда 2,7 пайызға кем. 1000 адамға шаққандағы өлімнің жалпы коэффициенті 8,9 дүниеден өткенге тең.
Сонымен қатар осы жылдың қаңтар-мамырда елімізде 1 жасқа дейінгі 2323 нәресте шетінеген. Дегенмен өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда шетінеген нәресте саны 3,2 пайызға азайған. Сәби өлімінің негізгі себептері перинаталдық кезеңде пайда болатын жағдайлармен байланысты.