Құжатқа сәйкес, Дүниежүзілік банк Қазақстанда офистерге ие болып, оларды операциялық және әкімшілік қолдау қызметтерін көрсету үшін қызметкерлермен жасақтайтын болады. Дүниежүзілік банк қызметкерлер мен қызметшілерге жалақы мен басқа да шығыстарды толық көлемде өзіне алады. Банктің офистері мен үй-жайларына қол сұғылмайды және ол Дүниежүзілік банктің қарауы мен басқаруында болады.
Бұдан бөлек, заң жобасы аясында Банктің және оның қызметкерлерінің иммунитеттері айқындалып отыр. Мұндай иммунитет сот төрелігінің қалыпты іске асырылуына кедергі жасайтын болса, ол өзінің иммунитеттерін кері қайтарып алатын болады.
Тұтастай алғанда, Келісім 1994 жылғы 23 мамырдағы Алматы қаласында тұрақты өкілдік құру туралы шартты алмастырады. 2001 жылдан бастап, Дүниежүзілік банктің өкілдігі Астанада жұмыс істейтіні, ал, Алматы кеңсесі осы қаржы институтының Орталық Азиядағы аймақтық өкілдігі мәртебесін алғаны белгілі.
Заң жобасы алдағы уақытта өтетін палатаның жалпы отырысына шығарылатын болады.
17:46, 18 Сәуір 2016
Қазақстанда Дүниежүзілік банктің офистері ашылады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Парламент Сенаты Қаржы және бюджет комитетінің кеңейтілген отырысы өтіп, онда «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Қазақстан Республикасында офистер құру және олардың жұмыс істеуі туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы талқыланды. Келісімге 2016 жылғы 21 қаңтарда Давоста қол қойылған.