Қазгидрометтің хабарлауынша, Қазақстанда кей жерлерде бұрқасындатып, тұман түседі, көктайғақ болады және жел күшейеді.
Қостанай облысында кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ болады, бұрқасындатады, түнде кей жерлерде, күндіз аумақтың басым бөлігінде жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.
Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде бұрқасын көтеріледі, көктайғақ болады, түнде желдің күші 15-20 м/с-қа дейін, ұйытқуы 25 м/с-қа дейін, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с-қа дейін жетеді.
Ақмола облысында кей жерлерде бұрқасын көтеріледі, күндіз кей жерлерде көктайғақ болады, кей жерлерде желдің күші 15-20, күндіз ұйтқуы 23 м/с-қа дейін жетеді.
Жамбыл, Қарағанды облыстарында кей жерлерде бұрқасын, тұманды, көктайғақ болады, жел 15-23 м/с-қа дейін күшейеді.
Оңтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде тұман түседі, жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.
Қызылорда облысында кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ болады, күндіз жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.
Түнде Атырау, күндіз Павлодар облыстарында кей жерлерде желдің 15-20 м/с-қа дейін күшеюі күтіледі.
Алматы облысында кей жерлерде тұманды болады, Жалаңашкөл ауданында желдің күші 15-20 м/с.
Маңғыстау, Ақтөбе облыстарында, түнде Батыс Қазақстан облысында кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ болады.
Шығыс Қазақстан облысында түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі, күндіз кей жерлерде желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.