Қазақстанда эфирдегі «әзілдер» үшін БАҚ-қа айыппұл салу ұсынылды
«ОРТ-Еуразиядағы» біздің әріптестерімізге байланысты болған оқиғаға тоқталатын болсам, заң жобасында (ҚР Кейібір заңнамалық актілеріне ақпарат және коммуникациялар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы») көрермендер мен аудитория алдындағы БАҚ жауапкершілігін көрсету керек деп ойлаймын. Әзіл немесе басқа да жолмен неліктен жалған ақпарат беріледі. Бұл үлкен мәселе, себебі халық тек бұқаралық ақпарат құралдарына ғана емес, сонымен қатар билікке сенімін жоғалтып алады. Сондықтан бұл мәселені заң жобасына кіргізу керек, ол ақпарат құралдарының халық алдындағы жауапкершілігіне байланысты. Әдейі жасалған жалған ақпаратқа айыппұл санкцияларын енгізуге болар еді»,-деді Жексенбай.
Оның пайымынша, егер де бір телеарна осындайға жол беретін болса, онда рейтингті көтеру үшін өзгелері де түрлі «әзілдерді» ойлап табатын болады.
Өз кезегінде ҚР Ақпарат және коммуникациялар вице-министрі Алан Әжібаев заң жобасында барлық БАҚ-тың орындауы тиіс ұстанымдары айқындалғанын жеткізді.
«Сіз айтып отырған норма БАҚ өкілдерінің қатысуымен жұмыс тобында қызу талқыланды. Заң жобасына БАҚ жұмысының ұстанымдарын енгізуді, яғни мәселені жан-жақты тарқату тұрғысында теңгерім сақталу үшін объективтілікті, нақтылық және заңдылықты енгізуді ұсындық»,-деді Әжиев.
Естеріңізге сала кетейік, 17 желтоқсанда «Еуразия» бірінші арнасы эфирінде қазақстандық тележүргізуші Аймира Шаукентаева және Владимир Познердің қатысуымен бағдарламаның эпизоды көрсетілген болатын. Онда тележүргізуші «алғаш рет Познердің сұрақтарына жауап берді». Бұл көрсетілім қоғамның наразылығын тудырған болатын. Кейіннен телеарнаның өкілдері бұл видео әзіл түрінде жасалғанын хабарлады.