«Облыс әкімдіктерінің ауыл шаруашылығы басқармалары таратқан жедел мәліметтер бойынша, тазартылғаннан кейінгі астықтың жалпы көлемі 12,3 млн. тонна шамасында болмақ. Бұл астық былтырғы 9,8 млн. тонна қалдықпен қоса есептегенде ішкі қажеттіліктерді жабуға және сыртқа 8 млн. тонна бидайды экспорттауға мүмкіндік береді», - делінген ҚР АШМ баспасөз қызметінің хабарламасында.
Биылғы қуаңшылықтың кесірінен астықтың жалпы көлемі былтырғы жылмен салыстырғанда 14,7 млн. тоннаға (2,2 есе), дәнді дақылдардың өнімділігі гектарына 8,7 центнерге (2,1 есе) аз болды.