Бұл туралы бүгін Астанада өткен апталық брифингте ҚР ІІМ-нің баспасөз қызметінің бастығы Қуанышбек Жұманов мәлім етті.
Ведомство баспасөз қызметінің бастығы хабарлағанындай, 50 жастағы күдікті екі кісі өлтіру қылмысын 2009 жылы Ақсай қаласында жасаған. Татарстанда бірлескен арнайы операция кезінде күдікті полицейлерге қарулы қарсылық көрсетіп, құқық қорғау органдарының қызметкерлерін жаруға да әрекеттенген. Бұл ойын жүзеге асыра алмағандықтан, кейін күдікті полиция қызметкерлеріне қару кезеніп, оқ атуға әрекеттенбек болған. Алайда, Қ. Жұмановтың сөзі бойынша, полиция қызметкерлері оның әрекеттерінің жолын уақтылы кесіп үлгерген.
«Іздестірудегінің қарулы қарсылығының жолын кесу барысында Татарстан Ішкі істер басқармасының қызметкері табельдік қаруды қолданып, нәтижесінде іздестірудегі адам алған жарақаттардан қайтыс болды»,-деп атап көрсетті Қ. Жұманов.
Қазіргі уақытта Қазақстанның ІІМ Ақсай қаласындағы кісі өлтіру фактісі бойынша салыстырмалы баллистикалық сараптамалар жүргізу үшін Татарстанның ІІМ-нен сот-медициналық және баллистикалық сараптамалардың қорытындыларын сұратты.