«2020 жылғы қаңтар-ақпанда Қазақстан Республикасында 149 938 жеңіл автомобиль тіркелген. Бұл өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 2,5 пайызға кем. Қазақстан Республикасында 2020 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша тіркелген жеңіл автомобильдердің саны 3 862,7 мың бірлікті құрады», - делінген ведомство ақпаратында.
Тіркелген көліктердің 83,4 пайызы бензинмен, 13,7 пайызы аралас отынмен, 2,7 пайызы диельмен, ал қалған 0,2 пайызы газбен жүреді.
Сонымен қатар комитет дерегінше, жыл басынан бергі екі айда 2666 адам зардап шеккен 1 893 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда апат 6,1 пайызға көбейіп отыр.
2020 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша сақтандыру ұйымдары көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілікті міндетті сақтандыру бойынша 5,4 млрд теңге сомасына 13 618 сақтандыру төлемін жүзеге асырды.