Қазақстанда екі мың бес жүзінші мешіт ашылды - мүфти Әбсаттар қажы Дербісәлі
Осы қуанышты оқиғаға Орталық Азия мүфтилері кеңесінің төрағасы, Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Әбсаттар қажы Дербісәлі келді.
«Біздің тәуелсіздігіміздің, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың саясаты арқасында халқымыздың имандылығы артып, рухани бірлігі нығая түсуде. Бүгінде үлкендермен бірге, жастар мен балалар да Алла үйінде жиі келетін болды. Елімізде жыл сайын мешіттер саны көбейіп келеді, Қамысқалада Қазақстандағы 250-мешіт ашылып отыр, осы Алакөл ауданының өзінде 25 мешіт бар. Олардың бәрі де жамағат көптеп жиналатын қасиетті орынға айналды», - деп атап көрсетті ол.
Осы салтанатты сәтте Нөгербек марқұмның екінші ұлы Асхан отбасыларының атынан жаңа мешіттің имамына автомашина сыйлады.
Оған риза болған ауыл тұрғындары Нөгербек Кәрімовтің ұлдарына арғымақ мінгізді.
Мешіттің ашылуына орай алғашқы намаз оқылып, қонақтарға дастарқан жайылды.