Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік шығысқа қарай 209 шақырым қашықта Қазақстан аумағында орналасқан.
Энергетикалық санаты – 8.3. Магнитудасы – 3,8. Тереңдігі - 10 шақырым. Сезілу туралы (МSК-64 шкаласы бойынша) мәліметтер түскен жоқ.
Сондай-ақ Қазақстанның сейсмикалық стансалар желісі 12 сағат 23 минут 51 секундта еліміз аумағында - Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 230 шақырым жерде болған тағы бір жер сілкінісін тіркеді. Энергетикалық санаты - 8,9. MPV магнитудасы - 4,2 . Тереңдігі - 15 км. МSК-64 бағаны бойынша сезілу туралы ақпарат жоқ.
Ал 12 сағат 58 минут 27 секундта зілзала Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 361 км жерде Қытай аумағында тіркелді. Энергетикалық санаты – 9,7. MPV магнитудасы - 4,5. Тереңдігі – 15 шақырым. МSК-64 бағаны бойынша сезілу туралы мәліметтер түспеген.
Бұған дейін, бүгін сағат 10 сағат 12 минут 52 секундта Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 577 шақырым қашықтықта Қытай жерінде жер сілкінгенін жазған болатынбыз.