Бірінші медбике індетті Атырау облысында жұқтырғанын бұған дейін жазған болатынбыз.
Екінші жағдай Қызылорда облысында анықталды.
«Облыс орталығында тұратын 23 жастағы тұрғыннан түнде алынған сынамалардың қорытындысы оң нәтиже көрсетті. Ол емханада медбике болып жұмыс істейді және кеше коронавирус диагнозы расталған науқасқа ем-дом жасаған. Онымен жақын байланыста болған 16 адам карантинде, қалғаны үй жағдайындағы карантинде», - делінген ақпаратта.
Осы уақытта Қазақстанда індетті жұқтырудың расталған 271 оқиғасы тіркелді.