Бұл туралы бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқымен тікелей эфир кезінде, алматылық көрерменнің сұрағына жауап беруі барысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Өткен жылы рецессия кезінде девальвация жасалды. Бұл дұрыс қадам болды. Қазір екінші рет девальвация орын алады деуге негіз жоқ. Елдің алтын қоры өсуде. Инфляцияның деңгейі төмен. Сондықтан девальвация туралы ойлау қажетсіз», деді Елбасы. Нұрсұлтан Әбішұлы сондай-ақ 2 күннен соң болатын қаржыгерлердің кәсіби мерекесі - Ұлттық валюта күнімен құттықтады. Сондай-ақ аймақтық ортақ валюта жасау туралы ұсынысымен бөлісті.
«Дағдарыс әлемдік қаржы саласында ақау бар екендігін көрсетті. 60 жыл бұрын іске қосылған жүйенің өмір бойы жұмыс істеуі мүмкін емес. Осы ретте аймақтық валютаны жасау тиімділігі көрінді. Мен бұл бағытта жарияланған өз мақаламды бірқатар елдердің президенттеріне ұсындым. Алайда, бұның жүзеге асуына біраз уақыт керек», деді Мемлекет басшысы.