Қазақстанда экологтар кәсіпорын шығарындыларын онлайн бақылай алады

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - «Ақпараттық Қазақстан - 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында 1 санатқа жататын ҚР кәсіпорындарының жартысы қоршаған ортаға тасталатын шығарынды эмиссияларының онлайн-мониторингін қамтамасыз етуі тиіс, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі Экологиялық қауіпсіздік орталығына сілтеме жасай отырып.

Арнайы құрылғылар ірі кәсіпорындардың барлық ластау көздеріне орнатылады. Ол шығарындының сапасы, мөлшері жайлы ақпаратты тікелей беріп, алынған деректер мемлекеттік экологиялық құрылымдарға беріледі.

ШҚО-да 134 кәсіпорын мониторингпен қамтылған. Олардың жартысы жұмысты 2017 жылы бастайды. Әзірге бұл деректерді кімнің бақылайтыны анықталған жоқ, меніңше, бұл мемлекеттік мониторинг болуы тиіс», - деді ШҚО экология департаментінің басшысы Дмитрий Кавригин.

Ол сондай-ақ құрылғы кәсіпорын есебінен орнатылатынын ескертті, қазір Экология департаменті өнеркәсіпшілерді өздерінің экологиялық жобаларына онлайн-мониторинг жүйесін енгізу қажеттігі туралы хабарлады.