«Шикізаттық емес экспортты дамытуға арналған Шетелдік инвесторлар кеңесінің отырысын өткіздім. Экономиканы қайта қалпына келтіруді ескере отырып, цифрлық және «жасыл» технологияларды енгізумен, жаңа экспорт нарықтарын игерумен және көлік әлеуетін дамытумен айналысу қажет»,-деп жазды Мемлекет басшысы.
Сондай-ақ Президент Үкімет Кеңес мүшелерінің сыни ескертпелері мен ұсыныстарын назарға алатынын жазды.
Осыған дейін Қасым-Жомарт Тоқаевтың Шетелдік инвесторлар кеңесінің 33-ші пленарлық отырысына қатысқанын жазған болатынбыз.