Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі хабарлады.
Отырыс қорытындысымен «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясына, Астана және Алматы әкімдіктеріне, құқық қорғау органдарына ЭКСПО мен Универсиаданың салынып жатқан нысандарын күзетуді күшейту, фото- және бейнетіркеу жүйесінің жұмысын қамтамасыз ету, периметрлерін бақылау жабдықтарымен және арнайы инженерлік-техникалық байланыс құралдарымен жарақтандыру тапсырылды.
Сонымен бірге, ЕХРО және Универсиада құрылысы нысандарына қызмет көрсетуге тартылған күзет ұйымдарының қызметкерлерін оқыту және жарақтандыру шараларын алу тапсырылды.