деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«КТК құбыры арқылы былтыр 20 миллион тонна мұнай тасымалданды. Оның қазақстандық бөлігін енді 50 миллион тоннаға дейін ұлғайтпақпыз. Қытай бағытында тасымалданатын мұнайды 10 миллион тоннадан 20 миллион тоннаға жеткізбекпіз. Қазақстанда экспорт сұранысы 100 пайыз қамтылған», дейді Сауат Мыңбаев. ҚР Мұнай және газ министрінің айтуынша, республикада Ақтау айлағымен 10 миллион тонна, Атырау-Самара құбыры арқылы 17 миллион тонна және теміржол арқылы 4 миллион тонна өнім тасымалданады. Сонымен қатар бұған ішкі нарықты да қосуға болады.