«Менің ойымша, келесі жаңалық бизнес өкілдеріне, оның ішінде экспортқа негізделген кәсіпорындарға қызықты болады. Сауда министрлігі экспортқа сауда жасағысы келетін кәсіпорындарды қолдауға бағытталған QAZTRADE акселератор арнайы бағдарламаны іске қосты», - деді министр «Хабар 24» телеарнасының тікелей эфирінен.
Оның сөзіне қарағанда, бағдарлама өнім өткізетін нарықтарды, тауарды сатып алушыларды іздестіруге, сондай-ақ келісімшарттарды бекітуге қолдау көрсетеді.
«Мұндай көмек ақысыз негізде жүргізіледі», -деді Дәурен Абаев.
Еске сала кетейік, Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов QAZTRADE экспорттық акселератор бағдарламасына қатысты түсінік берген болатын.