Серік Жұманғариннің айтуынша, бүгінде Қазақстанда экспортты ілгерілетумен бірқатар құрылым айналысып жатыр. Алайда бұл мәселелерге институционалдық тұрғыдан қарап, кәсіпкерлердің мәселелерін шешу қажет.
«Экспортты ілгерілету жөніндегі кеңес құруды ұсынамын. Кеңес шеңберінде мемлекеттік органдар проблематиканы түсіну және осы мәселелерді серіктес елдердің әріптестерімен одан әрі шешу үшін тұрақты негізде бизнеспен кеңесетін болады», – деді ол.
Спикер қазіргі кезде қазақстандық экспортты қорғау үшін қажетті әкімшілік мүмкіндіктер әзірленіп жатқанын айтты. Бұл шаралар отандық кәсіпкерлер тап болып жатқан кедергілерді азайту үшін қолға алынған.
«Қазір Пәкістанмен келіссөз жүргізіп жатырмыз. Осы елге экспорт төмен екенін байқап отырмыз. Сұралған көлем жоғары, бірақ жеткізуге қатысты қиындықтар бар», - деді С.Жұманғарин.
Мәлім етілгендей, экспорт тұрғысынан тартымды елдер қатарында Иран, Үндістан, Әзербайжан, Түрікменстан, Өбекстан бар.
Соңғы жылдары Қазақстанда ұн экспортының төмендеуі байқалады. Ресми деректер бойынша, ұн экспорты 2012 жылғы 1,2 млн тоннадан 2021 жылы 372,9 мың тоннаға дейін, яғни 3,3 есе төмендеді,. Бұл ретте бидай дәнінің экспорты осы кезеңде 658 мың тоннадан 2,7 млн тоннаға дейін – 4,2 есе өсті.
Бірінші кездесуде кәсіпкерлер Өзбекстанмен сауда-саттықта орын алатын мәселелерді жеткізді. Атап айтқанда, алкоголь және темекі өнімдеріне акциздердің сараланған мөлшерлемелерін сақтау, ұн экспорттаушылар үшін тең емес жағдайлар, бірқатар өнімдерге қатысты транзиттік экспорттық рұқсатты келісудің ұзартылған мерзімдері.
Фото: atameken.kz