«Ағымдағы мерзімде республика бойынша экстремистік және лаңкестік іс-әрекеттері үшін 400 адам түзету колонияларында отыр. Олардың ішінде 150 адам әлі күнге дейін өздерінің діни көзқарастарын өзгертпеген», - деп көрсетілген басқарманың таратқан хабарламасында.
2015 жылы басқармада түзету колонияларындағы теріс ағым ұстанатындармен жұмыс жүргізу мақсатында арнайы имамдар тобы құрылды.
«Экстремистік және лаңкестік идеялардың таралмауы үшін белсенді түсіндіру жұмыстары қолға алынды. Соның нәтижесінде экстремистік іс-әрекеттерге қатысы бар 723 тұлғамен жеке-жеке түсіндіру жұмыстары жүргізілді», - деп хабарлайды ҚМДБ.
Сонымен қатар жалпы түрмеде істі болған 6400 адаммен жалпы дәстүрлі діннің құндылықтары бойынша үгіт-насихат шаралары өткізілген.
ҚМДБ хабарламасында атап көрсетілгеніндей, Қазақстанда 802 радикалды ағым өкілдері дәстүрлі исламға бет бұрды.