«Сайлау қорытындысына әсер ететіндей сайлау заңнамасын бұзу жағдайлары бақылау барысында тіркелген жоқ. Осы ретте «Эхо» қоғамдық бірлестігі Қазақстан билігі ел азаматтарының дауыс беру құқығын жүзеге асыруды қамтамасыз етті деп мәлімдейді. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын кезектен тыс сайлау елдің сайлау заңнамасына сәйкес болды. 2012 және 2016 жылдардағы елдің заңнамалық органына қатысты сайлауға жасалған талдаудың нәтижесі нормативтік-құқықтық базаны, дауыс беру шараларының үдерістері мен оны ұйымдастыруды жетілдіруде оңтайлы қарқынды көрсетіп отыр. Байқаушылар сайлауды техникалық қамтамасыз ету мен сайлау комиссиялары мүшелерін даярлау бағыттарында ілгерілеушілікті атап өтуде»,-делінген «Эхо» қоғамдық бірлестігінің мәлімдемесінде.
20:51, 21 Наурыз 2016
Қазақстанда ел азаматтарының дауыс беру құқықтарын жүзеге асыру қамтамасыз етілді - «Эхо» ҚБ
АСТАНА. ҚазАқпарат - Байқаушылардың атап өтуінше, 2012 жылы өткен ҚР Парламенті Мәжілісіне депутаттарды сайлау кезеңімен салыстырғанда, халықтың саяси белсендігі деңгейі артып отыр.