Қазақстанда Елбасы академиясы құрылады

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Тұңғыш Президент Қоры дарынды балалар мен жастарды кешенді қолдауға арналған жобаларды іске асыра бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Тұңғыш Президент Қорына сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасы ТұңғышПрезиденті – Елбасының қоры Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың тапсырмасына сәйкесжас таланттар мен көшбасшыларды қолдау мақсатында «Ел үміті» жаңа бастамасыбойынша жұмыс жүргізе бастады.

Тұңғыш Президент Қорының атқарушыдиректоры Әсет Исекешев: «Ел үміті» бастамасының миссиясы – біздің дарындыбалаларымыз бен жастарымызды, соның ішінде шетелде тұратын жастардыіздеп-тауып, қолдауға септесу. Біз бұл бастаманың аясында еліміздің жастарынбарынша қамтуға тырысамыз, олардың ерекшелігін, дарындылығын, ғылыми жәнекөшбасшылық әлеуетін ескере отырып, әр балаға өзін-өзі дамытуға тең мүмкіндікбереміз», - деп атап өтті.

«Ел үміті» бастамасы аясында ТұңғышПрезидент Қоры Үкіметпен, облыс әкімдіктерімен, қоғамдық бірлестіктерімен,білім беру жеке ұйымдарымен, бизнес-қауымдастығымен және қызығушылық білдіргентараптармен бірлесіп жұмыс істемек.

Серіктестермен бірге келесі жобаларжүзеге асырылмақ: дарындарды анықтау және қолдау орталықтарын құру; жастар үшінкөшбасшылық және тұлғалық өсу бағдарламасын жасау және жүзеге асыру; Олимпиадажеңімпаздары мен олардың педагогтарын қолдау бағдарламасы; таланттар менкөшбасшыларды қосатын біріккен қауымдастық құру; «IQanat» Қорымен бірге ауылбалаларына арналған «Мың бала» зияткерлік даму бағдарламасын жүзеге асыруғакөмек көрсету.

Жас таланттар мен әртүрлі саладағыкөшбасшылардың (патриотизм, спорттық жетістіктер, еріктілік, академиялықжетістіктер) жан-жақты дамуы үшін жұмысты күшейту мақсатында жеке өсубағдарламасына белсенді қатысқандар үшін марапаттау бағдарламасы жасалады.

Осы міндеттердің іске асырылуынүйлестіру үшін Қордың жанында «Елбасы академиясы» құрылады. Ол «Ел үміті»бастамасын іске асыруды басқару жөніндегі оператор ретінде әрекет етеді.

«Ел үміті» бастамасының аясындаәдістемелер, тағылымдамалар бағдарламалары мен гранттар әзірленеді.

Бұл әрбір өңірде жыл сайын ауылдар меншағын қалалардан кемінде 3 мың дарынды баланы анықтап, кейінгі білім берудеқолдау көрсететін таланттарды анықтау және қолдау орталықтарын (17 орталық)құруға мүмкіндік береді.

Бірінші кезеңде, екі жыл аралығындағылым, экономика, мәдениет, спорт және қоғамның басқа да бағыттарыныңмемлекеттік басқару салаларында 500-ден кем емес көшбасшы пулын қалыптастыружоспарда бар.

Дарынды жастар, көшбасшылар меноқытушыларының бірыңғай қоғамдастығы құрылады.

Бастаманы уақытылы және сапалы іскеасыру үшін Тұңғыш Президент Қоры мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп «Жолкартасының» жобасын дайындады.

Сонымен қатар Тұңғыш Президент Қорыбілім беру және жеке тұлғаны дамыту бойынша жеке Қорлардың бастамаларына қолдаукөрсетеді.

2019 жылғы 1 тамыз күні ҚазақстанРеспубликасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ҚазақстанРеспубликасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының атқарушы директоры ӘсетИсекешевпен кездесу барысында «Ел үміті» және «Қамқорлық» бастамалары бойыншаарнайы тапсырмалар берді.

«Қор бірқатар іс-шараларды жүзегеасыру үшін тиісті жұмыс жүргізіп келеді. Біз талантты жастарды және дамуындаерекшелігі бар балаларды қолдауға бағытталған «Ел Үміті» және «Қамқорлық» аттыжаңа екі жобаны іске асыруды бастаймыз. Талантты жастарымыз ел ішінде және шетелдебілім алуы үшін оларға көмектесуіміз керек. Бұл өте пайдалы әрі қажетті жұмыс.Жалпы, Қордың осы бағыттағы жұмысын жандандыру керек», – деді ҚазақстанныңТұңғыш Президенті.

Соңғы жаңалықтар