Қазақстанда election2015.kz сайты іске қосылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда президенттік сайлауға арналған election2015.kz сайты іске қосылды. Оны жасаушы танымал блоггер Бауыржан Сәдиев.

Сайтты әзірлеуші ресурсты құрудың бірнеше себебін атап өтеді. Біріншіден, әлеуметтік желілерде ақпараттық қоқыс өте көп, соның ағымында маңызды электоралдық ақпарат жоғалып, соңғы пайдаланушысына дейін жетпейді. Екіншіден, жаңа сайт үкіметтік емес алаңда құрылды, бұл, оның айтуынша, қоғамдық плюрализм мен сайлаушыларды тарту үшін өте маңызды.

Election2015.kz сайтының ішінде бірнеше қызмет бар. Бірінші кезекте: халық жаңалықтары, бұл жерде ниет білдірген кез келген адам басқа пайдаланушылармен ақпарат бөлісе алады, алаңдаушылық тудырған тақырыптарды талқылауға арналған бос чаттар, қызықты сайлауалды сараптама, бейнематериалдар мен әлеуметтік сервистерден сайлауалды тақырып бойынша жаңалықтарды агрегациялау бар.

«Сайтқа кірушілер алдағы сайлауды бөлек тақырыптармен талқылау мүмкіндігін алады. Оның әрбір тақырыбы тек сайтқа кірушілердің өздерінің бастамасымен құрылады», - деп баяндады Б.Сәдиев.

Атап өтейік, платформаны құрушылар жаңа сайтты барлық танымал әлеуметтік желілермен ықпалдастыра алды. Аталған мүмкіндік осындай ресурстардың белсенді пайдаланушылары болып табылатын жас ұрпақтың қолайлылығы үшін берілді. Хэштэгтерді пайдалану мүмкіндігі де пайдаланушылардың мүмкіндіктерін көбейте түседі.